Среда, 22.01.2025, 16:58
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

№8 орта мектеп

Каталог статей


Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік бағдар беру апталығының  талдауы

Мекеме-Теміртау қаласы әкімдігі «Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

Кәсіби бағдар беру апталығына жауапты: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Бахитхан Зауреш

  •  

Жас ұрпаққа мамандықтар туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін,ой-өрісін дамыту,сөз қорларын молайту.

3.Оқушыларды мамандық тандауға бағыт беру.

Міндеті:

Мамандық  әлемінен  ақпарат беру.

Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт – бағдар жасау.

Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлерімен таныстыру

сандық есеп

Ісшара

Сынып

Қатысушылар саны

Ісшараны өткізген адам

1

Қазақстан Республикасының  білім беру ұйымдары мен Қарағанды облысының білім картасы «Қайда барып оқуға болады?»

10 сынып

27 оқушы

Джанаханова Г.С

2

Колледж және ЖОМ студенттерімен кездесу «Біз таңдайтын жолдар»

9 сыныптар

79 оқушы

Зарубаеа Г.С.

3

Сурет көрмесі «Анам,әкем  жұмыста»

1-11

27

Манакбаева К.Т.

4

Кабинет, кәсіптік бағдар беру бұрышын безендіру «Кәсіптер  Әлемінде»

11

23

Макулбаева Ф.Б.

5

Қызықты мамандармен кездесу «Кәсіп карнавалы»

5-11

400

АбдимуратоваЗ.К

6

Фотосурет байқауы  «Кәсіп шеңберінде»

5-11

400

Омарова Н.С.

7

Жеке кеңес «Менің таңдауым»

8-11

37

Хамталиф А.О.

8

Кітап көрмесі «Кәсіп туралы не оқуға болады?»

8-11

184

Серикбаева Г.А.

9

Тренинг элементтері мен кәсіптік бағдар беру диагностикасына  жаттығулар

«Кәсіптер әлемі»

8-9 сынып оқушылары

53

Хамталиф А.О.

Манакбаева К.Т.

10

Кәсіптік бағдар беру олимпиадасы. Кәсіптік білім алу жолдары

9 сынып оқушылары

2

Нурмаганбетова Ж.А.

11

Ата-аналармен жұмыс.  Өзіндік кәсіп таңдаудағы отбасының рөлі

9,11 сынып

101

Курбанов К.О.

 

 

 

1. Қазақстан Республикасының  білім беру ұйымдары мен Қарағанды облысының білім картасы.

Жоспар бойынша 10 «А» сыныбы 16.11.15ж күні сынып  жетекшісі Джанаханова Гульсим Сабитовнаның басшылығымен Қазақстан Республикасының  білім беру ұйымдарының картасы және  Қарағанды облысының  білім беру  картасы  аясында стент дайындап, оқушыларға еліміздегі, қызықты қаламыздағы кәсіптер жайлы мәлімет берді.

 

 

 

 

2. Колледж және ЖОМ студенттерімен кездесу.

21.11.2015ж күні, сағат 13.00 де, №13,№14 кабинеттерде  9 –сыныптарға кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша  «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында Теміртау қаласындағы колледж мамандарымен кездесу өткізілді.

 

Қатысқан оқушылар саны: 74.

 

Кездесуге келген колледждер саны: 6.

 

1. Теміртау Индустриалды технологиялық колледжі

2. Теміртау сауда және тамақ даярлау колледжі

3. Теміртау техникалық колледжі

4.Теміртау медициналық колледжі

5. Теміртау копсалалы «Мирас» колледжі

6. Теміртау кәсіптік техникалық колледжі

 

 Кездесу барысында әр колледж өкілдері оқушыларға арнаулы оқу орындарының  әр мамандықтары жайлы, материалдық-техникалық базасы, колледждер мен колледж түлектерінің жетістіктері туралы слайдтар, презентация мен бейнероликтер көрсетіп, оқу орнына түсу үшін қойылатын талаптар мен оқу ақысы, оқудағы жеңілдіктер, түлектерді еңбекке орналастыру тәртіптерімен таныстырды. 

Кездесу нәтижесінде колледж өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылық тудырған мәселелер төңірегінде сұқбат құрды. Оқушылар мол ақпарат алып, көкейтесті мәселелер жөнінде диалог құрды сонымен қоса оқушыларға оқу орындары туралы ақпарат қағаздар таратылды. Бұл іс- шарада оқушылар оздеріне мамандықтар бойынша  қажетті мағлұматтар  алды.

 

 

 

       

 

 

Теміртау колледждері  оқушыларға ақпарат беруде

     

3. Сурет көрмесі.

 

«Әкем, анам жұмыста» атты суреттер көрмесінің талдауы

 

Күні: _16.11-21.11_   сыныбы: 1-11 сыныптар

Мұғалімі: Манакбаева К.М.

Қатысқан оқушылар саны:27 оқушы

Суреттер көрмесінің тақырыбы: _ «Әкем,анам жұмыста»

Мақсаты:Отбасындағы ата-ананың рөлін,қамқорлығын,тәрбиесін жұмысы арқылы суреттей отырып,оқушыларды ата-анасын сүюге,сыйлауға тәрбиелеу.Ұқыптылыққа,сұлулыққа баулу.Жалпы осы көрме арқылы сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ұмтылтыру.

 

«Әкем,анам жұмыста» атты суреттер көрмесі 16.11-21.11 аралығында 1-11 сыныптар арасында өтті.Осы суреттер көрмесіне апта бойы 1-10 сынып аралығында оқушылар белсене қатысты.Қорытындылай келе мына оқушылар  мадақтамамен марапатталды: 

 

I орын:         7 «А» сынып оқушысы  Оралбеков Арсен

                     1 «А» сынып оқушысы  Әшімова Ұлту

                     3 «Ә» сынып оқушысы  Курышбеков Дидар

                     10 «А» сынып оқушысы  Оспанова Айғаным

                     4 «А» сынып оқушысы Қайыров Алихан

                     8 «Ә» сынып оқушысы Тлекеева Балнура

                     9 «А» сынып оқушысы Мажитова Аяулым

                     9 «А» сынып оқушысы Серікбол Назым

                     2 «Б» сынып оқушысы Болат Айкөркем

                     5 «А» сынып оқушысы Жумагалиева Фатима

                     6 «Ә» сынып оқушысы Садуақасов Еламан

 

II орын:       1 «Ә» сынып оқушысы  Искакова Айдана

                     7 «А» сынып  оқушысы  Мажитова Айым

                     8 «А» сынып оқушысы Сейтқалиева Бәтима

                     6 «Б» сынып оқушысы Хожамуратов Нұрсұлтан

                     5 «Ә» сынып оқушысы Сабырбаева Аружан

                     Байбекетова Айгерім,Рахат Асылы

                     9 «Б» сынып оқушысы Ускенбаев Ураз

                     3 «А» сынып оқушысы Жуманова Аружан

                     4 «Б» сынып оқушысы Әвезхан Айғаным

 

III орын:      7 «Б» сынып оқушысы   Боханова Асель

                     4 «Ә» сынып оқушысы  Қалдыбекова Сандуғаш

                     1 «Б» сынып оқушысы Абдулла Олжас

                     2 «А» сынып оқушысы Сұлтанова Айым

                     5 «Б» сынып оқушысы Садыкова Айгерім

                     9 «Ә» сынып оқушысы  Жаксылыкова Ақгул

 

Теміртау  қаласы  № 8 ЖББОМ  КММ  1-11сыныптар аралығында  өткен «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесі

 

 

Теміртау  қаласы  № 8 ЖББОМ  КММ  1-11 сыныптар аралығында  өткен «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесі туралы оқушының пікірі.

      Мен,10- сынып оқушысы Оспанова Айғаным мектебімізде 16-21 қараша аралығында өткен «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесіне қатыстым.Менің анам ұлағатты ұстаз болғандықтан анамның оқушыларға сабақ беріп жатқан суретін салдым.Мен анамды,әкемді қатты қадірлеймін,жақсы көремін.Ата-анамыз бізді өсіп-жетілдіру ушін аянбай қызмет етеді,балаларынан еш нәрсені аямайды,бақытты өмір сүруіміз үшін бар жақсылықты жасайды.сол үшін де мен ол кісілердің үмітін ақтаймын.Сол кісілерден үлгі алып,болашақта белгілі бір мамандық иесі болғым келеді.Осы себептен маған суреттер көрмесінің тақырыбы қатты ұнады.Осындай суреттер көрмесі арқылы біз сыныптан тыс жұмыстарға белсене араласа отырып,өзіміздің ой-өрісімізді кеңейтеміз.Сурет сала отырып,әр оқушы өзін әдемілікке,сұлулыққа баулиды.Мен осы суреттер көрмесінде 1-орынға ие болдым.Осындай мазмұнды да мағыналы тақырыпта суреттер көрмесі жиі болып тұрса екен деп ойлаймын.

       «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесі туралы    9 «Б» сыныбының   пікірі

    Мектебімізде өткен «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесіне біздің сыныптан Ускенбаев Ураз қатысты.Ол 2-ші орынға ие болды.Бұл біздің сынып үшін үлкен мақтаныш.Ураз мектептегі сыныптан тыс шараларға,соның ішінде барлық суреттер көрмесіне белсене қатысады. Суреттер көрмесі біздің сыныпқа қатты ұнады.Себебі тәрбиелік мәні бар.Тәрбиелік жағы бала суретті салып жатып немесе суретті көріп тұрып ата-анасының балалары үшін жұмыс істейтінін,жұмысына қарамастан балаларын ойлайтынын түсінеді.Бала ата-анасын ойлап үмітін ақтап,сабағына зейін қояды.

 

            «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесі туралы 9 «Б» сыныбының  сынып жетекшісі Нурмаганбетова Жанар Әлібекқызының пікірі

    Жоспар бойынша ағымдағы жылдың қараша айында 1-11 сынып арасында «Әкем,анам жұмыста»  атты  суреттер көрмесі болып өтті.Суретте әр оқушы өзінің ата-анасының қызметін бейнелей отырып,өздеріне деген қамқорлықтарын,сүйіспеншіліктерін жеткізе білген.Суреттер арқылы өз ойларын жақсы жеткізе білген.Біздің сыныптан көрмеге Ускенбаев Ураз қатысып 2-ші орын алды.Осындай мазмұнды тақырыптағы көрмелер оқушыларды суретті әдемі сала отырып,сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуына септігін тигізеді.Сондықтан осындай суреттер көрмесін жиі ұйымдастырып тұрған дұрыс.

 

 

 

 

4. Кабинет, кәсіптік бағдар беру бұрышын безендіру. 19.11.15ж. күні №17 кабинетте, «СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗДЕГІ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ - МАМАНЫДЫҚ ТАҢДАУ»  атты кәсіптік бағдар беру бұрышын 7 «А» сыныбы және сынып жетекшісі Макулбаева Фарида Бабихановнаның ұйымдастыруымен бұрыш жасалып  безендірілді. Ол бұрышта мектеп бітірушілердің дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар берілген. Заманауи өмірге қажетті мәліметтер және ата-аналарға кеңес берілген.

 

 

5. Қызықты мамандармен кездесу.

 

Қарашаның 16 – 21 аралығында біздің № 8 мектепте қәсіптік бағдар апталығы өтті. Осы апталық барысында «Қызықты мамандармен кездесу» деген сайыс да өткізілді.  Бұл сайысқа 5 – 11 сыныптар қатысты. Әр сынып сайысқа бір ата-ананың жұмыс орнына барып кәсіп иесімен суретке түсті.  Біздің ата-аналар әртүрлі салада жұмыс істейтінін мектеп оқушылары жұмыс орындарына барып,аралап көу арқылы көз жеткізді. Осы байқау барысында оқушылар әр түрлі мамандықтарды тамашалады. Олардың ішінде белгілі мұғалім, тәрбиеші, дәрігер, дәнекерлеуші, горновой т.б. Бұл сайысқа 5-11 сыныптары қызыға қатысты. Осындай іс-шаралар балаларды қызықтырып, мамандықтың түр –түрімен таныстырып, яғни олардың ата-аналарының істеп жүрген жұмыс орнымен таныстырып шықты.

 

 

                                                         

9 «А» СЫНЫБЫ «МЕДИНА»  МАШИНА ЖӨНДЕУ КЕШЕНІНДЕ

 

 

                       

   10 «А» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ «ВИОЛА» ДҮКЕНІ САТУШЫСЫМЕН

 

   

 

7 «Ә» СЫНЫБЫ СПОРТКОМПЛЕКС «Строитель»

 

         

                   

8 «Ә» СЫНЫБЫ «KERАMA MARAZZI»  САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖИҺАЗ САЛОНЫНДА

         

      

                                                                 

«А» сыныбы «Цветы» дүкеніндегі флорист маманның жұмысымен танысуда

     

           

 

     

                                                              

5 «Б» сыныбы оқушылар №4 емханада дәрігер маманы мен бірге

 

              

 

7 «А» СЫНЫБЫ  «АЙСУЛУ» СӘН САЛОНЫНД

 

6. Фотосурет байқауы   «Кәсіп шеңберінде»

Пікір

 

Қарашаның 16 – 21 аралығында біздің № 8 мектепте қәсіптік бағдар апталығы өтті. Осы апталық барысында «Профессия в кадре» деген сайыс да өткізілді.  Бұл сайысқа 1 – 11 сыныптар қатысты. Әр сынып сайысқа бір ата-ананың жұмыс орнындағы фотосын ұсынды.  Біздің ата-аналар әртүрлі салада жұмыс істейтінің мектеп оқушылары стендте ілінген фотогалереядан көрді. Осы байқау барысында оқушылар әр түрлі мамандықтарды тамашалады. Олардың ішінде белгілі мұғалім, тәрбиеші, дәрігер, дәнекерлеуші, горновой т.б. Бұл сайысқа мектептің барлық сыныптары қызыға қатысты, бір-біреуі де қалып қалған жоқ. Осындай іс-шаралар балаларды қызықтырып, мамандықтың түр –түрімен таныстырып, яғни олардың ата-аналарының істеп жүрген жұмыс орнымен таныстырып шықты.

 

                                                     Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Омарова Н.С.

Категория: Мои статьи | Добавил: Математик (07.12.2015)
Просмотров: 4789 | Рейтинг: 0.0/0