Пятница, 10.05.2024, 12:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтары [20]
Сынып өмірінен [0]
Сынып өмірінен жаңалықтар
МИФ [0]
Бірлестік тынысы
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

№8 орта мектеп

Психолог кеңесі

Ертеңгі күннің бүгінгіден  нұрлы       болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелер құдыретті күштің бірі-білім болса, сол білім діңгегінің сапалы болуы үшін жас ұрпақты, оқытып, тәрбиелеу ұлттық негізде жалғасын табуы тиіс.  Сондықтан дабүгінгі күн талабына сай мектептегі жұмыс бағыттарының бірі психологиялық қызмет болып табылады.

Психологиялық қызметтің мақсаты - білім алушы оқушылардың психологиялдық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік –психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық  қолдау көрсету.

 

Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Психопрофилактикалық жұмыс

1. Балалардың бірінші сыныпта оқуға психологиялық даярлығы анықталады, мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен жүргізілетін тапсырмалар әдістері ұсынылып, мұғалімдермен бірге баланың мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге жеке жұмыстар жүргізіледі.

2. Балалар бастауыш сатыдан негізгі сатыға көшкенде және негізгі сатыдан психологиялық зерттеулер жүргізіліп, сол психологиялық зерттеулер арқылы оқушының балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.

3. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты тренингтер жүргізіледі.

4. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу мінез-құлық ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.

5. Мектепте жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

6. Педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартуға және педагогтің балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізуіне байланысты тренингтер жүргізіледі.

7. Кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбиелеуде педагогтарға және басқа қызметкерлерге кеңестер беріледі