Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №8 ЖББОМ»КММ
11 «А» сыныбында «Мамандықтың бәрі жақсы»
тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің талдауы
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мұғалімнің аты- жөні: Зарубаева Гульнар Сериковна
Сыныбы: 11 «А»
Күні: 11.11.2017ж.
Қатысқан оқушы саны: 27
Өткізілген жері: №16 кабинет
Көрнекілік: белсенді тақта, мамандық туралы суреттер, слайд көрсету.
Мақсаты: : Жоғары оқу орын мамандарымен мамандық түрлеріне шолу жасай отырып, әр мамандықтың қыр-сырларын талқылап, оқушыларға мамандық таңдауға бағыт –бағдар беру.
Дөңгелек үстелге Қарағанды мен Теміртау қаласының 5 жоғары оқу орындарынан мамандар келіп қатысты. Іс –шарада оқушылардан «Мамандық дегеніміз не?, Мамандық таңдау дегеніміз не? Сіз қандай мамандық таңдадыңыз?» деген сұрақтарға оқушылар болашақта мамандықты дұрыс тандай білу жайлы айтылып, мамандықтар туралы өз пікірлерін, ойларын айтты. Сонымен қатар оқушылар өздері таңдаған отырған мамандықтары бойынша презентация жасап қорғады.
Кездесуге келген әр түрлі мамандық иелері ЖОО бейнеролик көрсетті және мамандық иелері ЖООдағы мамандықтар туралы баяндап берді. Жеке өмірге әрбір жас үшін мамандық таңдау ең маңызды қадам жайлы айтылып өтті.Оқушылар мамандықтар бойынша сұрақтар қойып,әртүрлі мамандықтар әлемінен ақпараттар алды. «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» деп К. Д. Ушинский айтқандай оқушыларға мамандық таңдауға бағыт- бағдар берілді.
Теміртау қаласы әкімдігі
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша І жартыжылдық талдау
2017-2018 оқу жылы
2017-2018 оқу жылына арналып кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспары Теміртау қалалық мектепаралық оқу - өндірістік комбинат директоры Е.П.Сатаевамен келісіліп, бекітілді. Жоспарда кәсіптік бағдар беру бағыттары, оқушыларға кәсіби бағыт берудегі психологиялық қолдау, педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыс, кітапханашының ақпараттық қолдауы, ата-аналармен жұмыс, мектепаралық оқу комбинатымен бірлескен жұмыс қамтылды.
Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығының кәсіби сынау жұмыстарын өткізу туралы 12.10.2017ж. № 97 бұйрығына сәйкес каникул мерзімінде мектеп оқушылары қаламыздағы кәсіптік білім беру оқу орындарынан сынамадан өтеді. Күзгі демалыс уақытында 9 «А» сыныбынан 10 оқушы Теміртау техникалық колледжіне токарь ісі және металл өңдеу түрі бойынша сынамадан өтсе, 11 сынып оқушылары Қарағанды Мемлкеттік Индустриалдық Университетінде желтоқсан айының 13 күні металлды қысыммен өңдеу мамандығы бойынша сынамадан өтті.
Қараша айының 11-24 аралағында мектебімізде кәсіптік білім беру апталығын өткізу жоспарланды.
Апталық жоспары бекітіліп, жауапты мұғалімдері тағайындалды.
Апталық қорытындысы қалалық мектепаралық оқу-өндірістік комбинатына тапсырылады.
Мектептерде өткізілетін кәсби бағдар беру апталығының мақсаты: оқушыларға болашақта мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру
Кәсіптік бағдар бері апталығының
міндеттері:
- Болашақ мамандықтың сұранысы, еңбек жағдайларын түсіну, әзірлеу.
- Мамандық әлемінен терең ақпарат
- Оқушылардың болашақта мамандық таңдауда танымдық белсенділіктерін арттыру.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын , дағдыларын тәрбиелеу.
Апталықтың жоспары:
№ |
Тақырыбы |
Іс-шара түрі |
Сыныбы |
Уақыты |
Жауаптылар |
Шығу |
1 |
«Мамандықтың бәрі жақсы» |
Жоғары оқу орындары мамандарымен кездесу |
№16 |
11.11.2017ж. |
Мажитова А.А. Зарубаева Г.С. |
Әзірлеме,фотоесеп |
2 |
Қалалық олимпиада |
Кәсіптік бағдар беру олимпиадасы |
9 |
15.11.2017ж. |
Сердалинова С.Х. Баккараева Д.Б. |
Фотоесеп |
3 |
«Шешім қабылдай алмайтын түлектер мен ата-аналарына кәсіптік жол көрсету» |
Кәсіптік бағдар беру стендісін безендіру |
№13 каб. |
20.11.2017ж. |
Куанышбекова А.Б. Баккараева Д.Б. Калей Л. |
Фотоесеп |
4 |
«Кәсіп туралы не оқуға болады?» |
Кітап көрмесі |
8-11 |
20.11.2017ж. |
Серикбаева Г.А. |
Фотоесеп |
5 |
Кәсіп таңдаудағы сұрақтар |
Сенім жәшігі |
8-11 |
20.11.2017ж. |
Баккараева Д.Б. Калей Л. |
Фотоесеп |
6 |
«Менің таңдауым» |
Жеке кеңес |
8-11 |
21.11-25.11.2017ж. |
Баккараева Д.Б. Калей Л. |
Фотоесеп |
7 |
«Кәсіптер рейтингі» |
Сынып сағаты |
9-11 |
21-11. 25.11.17ж. |
Сынып жетекшілері |
Әзірлеме,фотоесеп |
8 |
«Анам, әкем жұмыста» |
Сурет көрмесі |
1-4 |
21.11.2017ж. |
Ибраева Г.К. |
Фотоесеп |
9 |
«Кәсіп карнавалы» |
Ауызша журнал |
5-7 |
22.11.2017ж. |
Нурбергенова В.Н. |
Фотоесеп |
10 |
«Барлық кәсіп керек,барлық кәсіп маңызды» |
Қабырға газет байқауы |
5-9 |
23.11.2017ж. |
Төлеубай С. |
Фотоесеп |
11 |
«Кәсіп шеңберінде» |
Фотосурет байқауы |
5-11 |
23.11.2017ж. |
Нуржанова Д.У. |
Фотоесеп |
12 |
«Мен таңдаған мамандық» |
Коллаждарбайқауы |
7-9 |
24.11.2017ж. |
Саганган Б. |
Фотоесеп |
13 |
«Мен таңдаған жол» |
Шығармалар байқауы |
7-9 |
24.11.2017ж. |
Нурмаганбетова Ж.А. |
Фотоесеп |
1.«Мамандықтың бәрі жақсы»
Қатысқан оқушы саны:27
Мақсаты: : Жоғары оқу орын мамандарымен мамандық түрлеріне шолу жасай отырып, әр мамандықтың қыр-сырларын талқылап, оқушыларға мамандық таңдауға бағыт –бағдар беру.
Дөңгелек үстелге Қарағанды мен Теміртау қаласының 5 жоғары оқу орындарынан мамандар келіп қатысты. Іс –шарада оқушылардан «Мамандық дегеніміз не?, Мамандық таңдау дегеніміз не? Сіз қандай мамандық таңдадыңыз?»дегенсұрақтарға оқушылар болашақта мамандықты дұрыс тандай білу жайлы айтылып,мамандықтар туралы өз пікірлерін, ойларын айтты. Сонымен қатар оқушылар өздері таңдаған отырған мамандықтары бойынша презентация жасап қорғады.
Кездесуге келген әр түрлі мамандық иелері ЖОО бейнеролик көрсетті және мамандық иелері ЖООдағы мамандықтар туралы баяндап берді. Жеке өмірге әрбір жас үшін мамандық таңдау ең маңызды қадам жайлы айтылып өтті.Оқушылар мамандықтар бойынша сұрақтар қойып,әртүрлі мамандықтар әлемінен ақпараттар алды. «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» деп К. Д. Ушинский айтқандай оқушыларға мамандық таңдауға бағыт- бағдар берілді.
2. Қалалық олимпиада
Қалалық кәсіптік бағдар беру олимпиадасына қатысқан оқушылардың фотоесебі
Қатысушының аты- жөні: Амандыков Асылхан 9 «Б» сынып
Жетекшісі: Баккараева Динара Бөкенбайқызы (педагог-психолог)
Қатысушының аты- жөні: Боханова Асель 9 «Б» сынып
Жетекшісі: Сердалинова Сая Химиевна (учитель анг.языка)
3. Шешім қабылдай алмайтын түлектер мен ата-аналарына кәсіптік жол көрсету.
Оқушыларға болашақта мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру апталығына орай кәсіптік бағдар беру стендін безендіру жұмыстарымен қоса шешім қабылдай алмайтын түлектердің ата-аналарына кәсіптік жол көрсету мен қатар жеке кеңестер берілді.
4. Кәсіп туралы не оқуға болады? Көрме.
Кәсіп туралы не оқуға болады? Көрме.
Мақсаты:
1.Жас ұрпаққа мамандықтар туралы мағлұмат беру.
2.Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ой-өрісін дамыту, сөз қорларын молайту.
3.Оқушыларды мамандық тандауға бағыт беру.
Көрнекілігі: кітаптар, журналдар, энциклопедиялар, фото-суреттер.
Кітаптар тізімі:
1.Мұғалім.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,317б.
2.Монтажшы.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,306б.
3.Механизатор .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,286б.
4.Механик .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,287б.
5.Мал дәрігері .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,254б.
6.Кітапханашы .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,133б.
7.Дәрігер .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-Іт.,301б.
8.Дирижер .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-Іт.,313б.
9.Диспетчер .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-Іт.,314б.
10.Жылқышы .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІт.,417б.
11.Артист .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-Іт.,113б.
12.Агроном .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-Іт.,26б.
13.Дети пожарных о своих отцах.-Пожарный и спасатель.-№7,2015,с.38
14.Өрт сөндіруші.-Пожарный и спасатель.-№10,2014,с.30
15.Отан қорғаушы.-Айбын .-№9,2014,б.12-13
16.Металлург.-Қарағанды облысы.Энциклопедия.-1990.-402б.
17.Слесарь.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІІт.,122б.
18.Теңізші.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІІт.,213-214б.
19.Ұшқыш.- .-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІІт.,287-288б.
20.Шахтер.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІІт.,343-344б.
21.Шопан.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІІт.,355-356б.
22.Шофер.-Ол кім.Бұл не. 3 томдық энциклопедия.-1986ж.-ІІІт.,358-359б.
23.Мың мамандық бәрі бар,таңдап ,талғап бірін ал!- Мектептегі мерекелер №6,2014,27--28б.
24.Мамандықтың бәрі жақсы. - Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар- 2016, №4, 45-49 б.
25.Мамандық таңдау-маңызды іс. - Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар- 2014, №2, 36-38 б.
26.Мамандық таңдау. - Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар- 2014, №7, 49-52 б.
27.Кім боламын? - Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар- 2015, №10, 31-33 б.
28.Менің мамандықтағы бейнем. - Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар- 2014, №9, 38-40 б.
29.Мамандыққа байланысты мәтін құрастыр,оны презентациялау әдістемесі.-Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім №6,2010,13-15 б.
30.Кәсіби білікті мамандар дайындаймыз.-Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім №4,2009,36 б.
31.Кәсіпті меңгерту-өмір талабы.-Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім №1-2,2010,13-69 б.
32.Кім болам? Е.Өтетілеуұлы.-«Аруна»,2005 ж.-Балақай.-11б.
33. Спорт әліппесі.Е.Өтетілеуұлы.-«Аруна»,2005 ж.-Балақай.-11б.
Қатысушы саны: 35 оқушы.
Мектеп кітапханасында 2017 жылдың қараша айының 20-25 күндері аралығында «Кәсіп туралы не оқуға болады?» атты көрме ұйымдастырылды.
1-11 сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандықтары туралы толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Көрмеге 33 дана кітап-журналдар, энциклопедиялар мен әр түрлі суреттер қойылды. 39 оқушы көрмеден пайдалы мағлұмат беретін кітаптарды алды. Көрме ойдағыдай өтіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды.
5. Кәсіп таңдаудағы сұрақтар.Кәсіптік бағдар беру апталығының жоспарына сәйкес 20.11.2017 күні сенім жәшігіне «Кәсіп таңдауда Психолог мамандарға қандай қояр сұрағың бар?» сауалнамасы ұйымдастырылды. Осы шараға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылардың көпшілігі болашақта қандай мамандық таңдау қажеттігін және де мінез құлыққа қарай мамандық таңдау қажеттілігі туралы сұрақтар қойған. Осы сұрақтарға жауап беру үшін 8-11 сынып оқушыларына «Болашаққа бағдар» атты әңгіме жүргізілді.
6. Жекелеме кеңес мектеп оқушыларымен
Оқушылырмен "Менің таңдауым" тақырыбында өткізілген педагог-психологтармен жеке кеңес 10"А", 9"А", 7"А" сынып оқушыларымен.
7. Кәсіптер рейтингісі тақырыбы бойынша сыныптар сағаттары 9-11 сынып аралығында өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудағы жауапкершілігін, пікірін,дұрыс
көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту.
8. "Анам, әкем жұмыста"
Оқушыларға болашақта мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру мақсатында 1-4 сыныптар аралығында өткізілген «Анам, әкем жұмыста»атты сурет байқауы өтті.
Қорытынды жасайтын болсақ, 1-4сынып жетекшілерінің бағыт-бағдары бойынша ата-аналарының мамандықтарына сай суреттер салды.Соның ішінде тақырыпқа сай болған жұмыстар:2 «Ә»,3 «Ә»,3 «Б»,3 «В»,4 «А»,4 «Ә»,4 «Б» Тақырыпқа сай емес жұмыстар: 1 «А»,1 «Ә»,2 «А»,2 «Б»
9. Кәсіп карнавалы
5-7 сыныптар арасында өткізілген «Кәсіп карнавалы» апталығының фото есебі
10." Барлық кәсіп керек, барлық кәсіп маңызды"
Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.
«Барлық кәсіп керек, барлық кәсіп маңызды» қабырға газет байқауына белсене қатысқан сыныптар: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 7 «А», 8 «Б»
11. "Кәсіп шеңберінде"
Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.
«Кәсіп шеңберінде» фото байқауына белсене қатысқан сыныптар: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 6 «Б»,7 «А», 7 «Ә», 8 «Ә»,8 «Б», 9 «А»,9 «Б»,10 «А», 11 «А»
12."Мен тандаған мамандық"
Қорытындылай келе, І жыртыжылдықта оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша жоспарлаған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. Қалалық деңгейде өткізілетін сынамалардан 9,11 сынып оқушылары арнайы кесте бойынша өтіп жатыр.