22:21 Хабарландыру | |
ХАБАРЛАНДЫРУ! Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде 2017-2018 оқу жылы мектепте қамқоршылық кеңесінің құрылатындығын хабарлайды. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді: 1.жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; 2.жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; 3.коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); 4.ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; 5. қайырымдылық жасаушылар (бар болса). Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады. Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |