10:56 Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 30 жыл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ сәуір айында өткен Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 30 жыл толады. Бұл — келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың бәріне әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсетті. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр. Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Осы апаттан зардап шеккендерді және келтірілген зиян салдарын еске алу мақсатында мектепте бірнеше іс-шара өткізілді. Қалалық жастар комитетінің ұйымдастыруымен мектептің оқушылары плакаттар сайысына қатысуда. Олар Чернобыль апатына арналған суреттерін салып жіберді. Қамтылған – 2 оқушы. 18-23.04.2016ж. күндері аралығында 1-11 сыныптарында «Жер шараның экологиялық қауіпсіздігі», «Қайда өмір сүретініңді білгенің бақыт», «Табиғи апаттар» тақыптарында сынып сағаттары өткізілді. Осы сынып сағаттарында сынып жетекшілері бұл апаттың қалай болғанын, қандай зиян келтіргендігі туралы ақпарат берді. Қатысқан оқушы саны – 760. 2 «Ә» сынып оқушылары сынып сағатында 23 сәуір күні Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында мекетеп кітапханасында сабақ өтті. Cабақтың түрі: ақпараттық сағаты 2. «ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТЫ» кітап көрмесімен таныстыру 3. «Опаленные Чернобылем» атты кітаппен таныстыру Әрине, бұл қайғылы оқиғалар қазір өткен күннің бір елесі болып қалуда. Бірақ, оны ешқашанда ұмытпауымыз керек. Жас ұрпақ басқа адамдардың жасаған қателіктерінен сабақ алып, балаларын, өздерін, келешек ұрпақты осындай оқиғалардан қорғауы тиіс» - деген ақпарат берілді. Қамтылған оқушы саны – 25. 4 «А» сынып оқушылары кітахана сабағында. Жас ұрпаққа экологиялық апат туралы мағлұмат беру, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ой-өрісін дамыту, сөз қорларын молайту, патриот болуға тәрбиелеу мақсатында 18-23 сәуір аралығында кітапханада «ХХ ғасырдың экологиялық апаты» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қамтылған оқушы саны – 760. 1-11 сынып оқушылары қатысып, экологиялық апат туралы толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Көрмеге 10 дана кітап-журналдар, энциклопедиялар мен әр түрлі суреттер қойылды. 12 оқушы көрмеден пайдалы мағлұмат беретін кітаптарды алды. Көрме ойдағыдай өтіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Кітаптар тізімі:
Орындаған: ДТЖЖО Кадырова А.Б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |