22:48 2016 жылдың тамыз айында «Мектепке барар жол» акциясының өтілуі | |
Қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде «Теміртау қаласының №8 ЖББОМ» КММ–де 15.08.-15.09.2016 жылы аралығында «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы жоспар бойынша өткізілді. Мақсаты: жағдайы төмен көмекке мұқтаж көп балалы, азқамтылған, толық емес, отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға көмек беру. Акция бойынша ақпарат беру үшін мектептің І қабатында стен жасалды. Ол жерден мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар тиісті мәлімет алып отыр. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде азқамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсету үшін қалалық білім беру бөліміне 9 оқушының тізімі берілді. Қалалық білім бөлімі кәсіпкерлердің демеушілігімен көмек көрсетілуді ұйымдастырды. Қалалық әкімшілік аппаратымен, жеке кәсіпкерлердің көмегімен 8 бала жалпы 46 000 теңгеге көмек алды.
ДТЖЖО А.Б. Кадырова | |
|
Всего комментариев: 0 | |