Вторник, 21.05.2024, 01:54
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

№8 орта мектеп

Каталог файлов


Microsoft Acces бағдарламасы.
07.12.2015, 11:35

Тақырыбы: Microsoft Acces бағдарламасы.

Мақсаты:

Білімділік Microsoft Acces бағдарламасына бекіту сабағын ұйымдастыра отырып, оқушылардың бағдарлама туралы таным – біліктерін анықтау;

Дамытушылық: Microsoft Acces бағдарламасымен жұмыс жасаған кезіндегі білімдерін дамыту, оқушыларды бағдарламаға қызықтыру;

Тәрбиелік: Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, компьютер

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;
  2. І бөлім (теориялық);
  3. ІІ бөлім (практикалық);
  4. Қорытындылау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушыларды түгендеу;

 

Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызда өткен сабақтарды бекіту үшін және өздеріңнің білімдерінде тексеру мақсатында ІІ бөлімнен тұратын (теориялық және практикалық) сабақ өткізгелі отырмын. Бұл сабағымызда сендер Microsoft Access  бағдарламасы бойынша өздеріңнің білімдеріңді көрсетіп, оны ары қарай дамыта түседі деп ойлаймын.  Ендеше сабағымызды бастайық.

 

І бөлім.  Теориялық сұрақтарға жауап беру

 

  1. Материалдық немесе материалдық емес қасиеттің кез-келген заты, үдерісі, құбылыс не деп аталады? - Объект
  2. Объектілерді белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесін...деп атаймыз - Топтастыру
  3. Объектінің, үдерістің, құбылыстың және т.б. белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, логикалық жағынан бөлінбейтін ақпараттық элементті...деп атаймыз - Реквизит
  4. Топтастырушы топтардың атаулары мен кодтарының жүйелендірілген жиынтығын...деп атаймыз – Топтастырушы
  5. Топтастырудың үш әдісін көрсет - Иеррархиялық, фасеттік, дескрипторлық
  6. Иеррархиялық топтастыру жүйесі...деңгейден тұрады - 3
  7. Топтастырудың белгілерін...деп атайды - Фассет
  8. Ақпараттарды іздеуді ұйымдастыру үшін, сөздіктерді жүргізу үшін топтастырудың....жүйесін пайдаланған тиімді - Дексрипторлық
  9. Топтастырудың негізіне бағытталған 5 белгіні көрсет:-Пайда болу орны, өңдеу сатысы, бейнелеу тәсілі, тұрақтылық, басқару функциясы
  10. Пайда болу орны белгісі бойынша ақпаратты...деп бөлуге болады - Түсетін, шығатын, ішкі, сыртқы ақпарат
  11. Өңдеу сатысы бойынша ақпарат...болып бөлінеді-Бастапқы, қайталама, аралық, нәтижелі ақпарат
  12. Бейнелеу тәсілі бойынша ақпарат...болып бөлінеді- Мәтіндік, графикалық
  13. Ақпарат тұрақтылығы бойынша .... болып бөлінеді - Өзгермелі, тұрақты
  14. Өндірістік-шаруашылық қызметінің нақты сандық және сапалық сипаттамасын көрсететін ақпаратты...деп атаймыз - Айнымалы
  15. Ұзақ уақыт бойына өзгеріссіз және бірнеше мәрте пайдаланылған ақпаратты...деп атаймыз – Тұрақты
  16. Басқару функциясы бойынша....топтарға бөлінеді - Жоспарлы, нормативті, есептік, операвтиті
  17. Келесі кезеңге даярланған басқару объектісінің параметрлері туралы ақпаратты...деп атаймыз - Жоспарлы ақпарат
  18. Белгілі бір уақыт ішіндегі өндіріш немесе шаруашылық орнының қызметін сипаттайтын ақпаратты...деп атаймыз - Есептік ақпарат
  19. Сипатталатын проблема туралы хабардар болудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін, біртұтас сипаттама құратын мәліметтердің жиынтығын...деп атаймыз - Білім
  20. Білім...болып бөлінеді - Жалпылама, терең
  21. Құбылыстың көріну дәрежесі бойынга білім...болып бөлінеді -  Қатаң, ұяң
  22. Білім нысаны сипаттау бойынша…болып бөлінеді - Декларативті, рәсімдік
  23. ЖИ дегеніміз не? - Жасанды интеллект
  24. Мәні берілетін фактіні....деп атаймыз - Объект
  25. Объект-фактілердің нақты жиынтығын....дейміз – Қатынастар
  26. ДҚБЖ сөйлемін жіктеңіз:  - Деректер қоймасын басқару жүйелері
  27. Кестенің жолы...деп аталады - Жазу
  28. Кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын баған...деп аталады - Өріс
  29. Кесте дегеніміз...... - Бағандар мен жолдардан тұратын ақпаратты
  30. СЖ-тіркесін жіктеңіз - Сараптама жүйелері
  31. MS Access бағдарламасын алғашқы рет іске қосқанда оның жұмыс терезесінде қандай объектілер орналасады? - Сеню жолы, стандартты панель, тапсырмалар терезесі
  32. MS Access бағдарламасының қызметін ата? - Мәліметтер қорын жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және одан қажетті ақпаратты алуға арналған
  33. Жаңа мәліметтер базасын құру үшін орындалатын әрекетті көрсет: - Файл-Создать-Новая база данных
  34. Жаңадан құрылған файл терезесінде файл атын бергенде үнсіз келісім бойынша қандай ат ұсынады? - db1
  35. Жаңадан құрылған файл терезесінде файлды үнсіз келісім бойынша қайда сақтауға ұсынады? - Мои документы қапшығына
  36. База данных жаңа файл құру терезесінде таңдалған режим бойынша орындау командаларын ата? - Открыть, Конструктор, Создать
  37. Конструктор режимінде жаңа файл құрған кезде оның жұмыс терезесіндегі енгізу өрістерін көрсет: - Имя поля, тип данных, описание
  38. Жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға...қолданылады - Макростар
  39. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Берілгендер базасындағы жұмыс режимдерін таңдау
  40. Берілген батырманың  қызметін көрсет - МБ-ғы ақпаратты сақтайды
  41. Берілген батырманың  қызметін көрсет - МБ-да файлдарды іздеу қызметін іске қосады
  42. Берілген батырманың  қызметін көрсет  - МБ-ғы ақпаратты баспаға береді
  43. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Баспаға шығарар алдындағы беттің көрінісін береді
  44. Берілген батырманың  қызметін көрсет - А-Я-ға дейін және Я-А-ға дейін орналасу ретімен сұрыптайды
  45. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Ерекшеленген үзінді бойынша фильтр құрады

 

  1. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Фильтрді өшіреді
  2. Берілген батырманың  қызметін көрсет  - МБ-да енгізген сұрату бойынша ақпарат іздейді
  3. Фильтрдің қызметін көрсет: - Көрсетілген ақпарат бойынша сұрыптайды
  4. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Кесте соңына өтіп, жаңа жазба енгізуге даярлайды
  5. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Нұсқағыш тұрған жолды өшіреді
  6. Берілген батырманың  қызметін көрсет - МБ – ның терезесін ашады
  7. Берілген батырманың  қызметін көрсет - Жаңа объект (есеп, пішін, сұраныс т.б.) кірістіреді
  8. МБ ерекшелеу үшін қандай пернелер басамыз? - Ctrl+A
  9. Берілген мәтін н/е әріп бойынша ауыстыруді қандай пернелер жүзеге асырады? - Ctrl+H
  10. Excel бағдарламасына үзіндіні ауыстыру командасы - Сервис – Связи с Office – Анализ в MS Excel
  11. Жұмыс файлына жаңа баған кірістіру комм-қ тізегі - Вставка столбец
  12. Жолдардың биіктігін өзгерту командасын көрсет: - Формат – Высота строки
  13. Форматтау панелін іске қосу жолы - Вид-Панели инструментов–Формат
  14. Бағанды жасырып қою командалық тізбегі - Формат – Скрыть столбцы
  15. Тек бір жолды ғана ерекшелеу командасы - Правка – Выделить запись
  16. Аты-ж-ні жазылған өріс типі қандай болу қажет? - Мәтіндік(Текстовый)
  17. Объектінің бар немесе жоқ екендігін логикалық анықтайтын тип қалай аталады? - Логический
  18. Бағанның енін үлкейту немесе кішірейту үшін орындалатын командалық тізбекті ата? - Формат – Ширина столбца
  19. МБ-ның көлемін азайтып, қайта қалпына келтіруде орындалатын командалық тізбекті ата? - Сервис – Служебные программы – Сжать и восстановить базу данных
  20. МБ-да сыныптар туралы ақпарат бар. Тек 5-сынып туралы ақпарат шығарудағы командалық тізбекті ата? - Запросы-Конструктор-Класс-5
  21. Кестені қолдан құру қалай жүргізіледі? - Таблицы – Создание таблицы путем ввода данных
  22. Конструктор арқылы сұраныс жасау командасын көрсетіңіз: - Запросы – Создание запроса в режима конструктора
  23. Есепті шебер арқылы жасау қалай орындалады? - Отчеты – Создание отчета с помощью мастера
  24. Әртүрлі ақпарат алуға арналған жүйелік менюдің соңғы командасы…менюі деп аталады - Анықтама
  25. Өріс атауында қанша символ болуы қажет? – 64
  26. Өріс атауы бос орыннан басталуы мүмкін бе? - Жоқ
  27. МБ-дағы өрістердің дұрыс типтерін көрсетіңдер: - Мәтіндік, Сандық, Ақшалай, Санауыш, Уақыт/мерзімі, Логикалық, МЕМО өрісі, OLE объектісінің өрісі, Гиперсілтеме, Ауыстырулар шебері
  28. Мәтіндік өріске қаншаға дейін символдар мәнін меншіктеуге болады? - 1-255
  29. Үнсіз келісім бойынша мәтіндік өрістік мәні қаншаға тең? - 50
  30. Егер мәтіндік өріс мәтін 25-ке тең етсеңіз, онда оған қанша символ енгізуге болады? – 25
  31. МБ сыныптар бағанында 1-5 сыныптар аралығындағы оқушылар тізімін шығару үшін қандай команданы жазамыз? - 1 Or 2 Or 3 Or 4 Or 5
  32. Сұраныс конструкторының сұраныс жасау бөлігіндегі командалық жолдар аттарын тізіңіз: - Поле, имя таблицы, сортировка, вывод на экран, условие отбора, или
  33. MS Access 97-де орындалған МБ-сын көшіру барысында орындалатын әрекеттер тізбегін көрсет: - Сервис – Служебные программы – Преобразовать базу данных – в формат Access2002-2003
  34. Сандық өрістің қасиетін орнатуда өріс өлшемінің ең үлкен көлемі қанша байт болып саналады? - 12 байт
  35. Қасиеттер өрісіндегі «Сообщение об ошибке» қатарына не жазылу қажет? - Кестені толтыру барысында берілген МБ-на дұрыс емес қате мәлімет енгізілгендігін ескерту
  36. Санауыш типінің өрісі қызметін ата? - Әр жаңа жазба қосылған сайын кесте жазбасында 1-ге тізбектей артып отырады
  37. «Условие на  значение» қатарында (>0 And <32) деген нені білдіреді? - 0-ден көп, бірақ, 32 –ден аз сандар енгізілуі тиіс
  38. Отобразить столбцы командасы қандай қызмет атқарады? - Уақытша жасырып қойған бағандарды көрсетеді
  39. MS Excel бағдарламасына МБ-дағы ақпаратты автоматты түрде түсіру үшін орындалатын командалық тізбекті көрсет: - Файл-Экспорт
  40. Өрнектерді құрастыру, функцияларды енгізу МБ-ның қандай  бөлігінде жұмыс жасайды? - Сұраныста
  41. Кесте құрудың қанша түрі бар? - 3
  42. Сұраныс құрудың қанша түрі бар? - 2
  43. Есеп құрудың қанша түрі бар? - 2
  44. Пішін құрудың қанша түрі бар? - 2
  45. МБ-дағы баптауларды қалай орындаймыз? - Сервис – Параметры

 

ІІ бөлім. Практикалық жұмыстарды орындау.

 

Ескерту: Кестеге ат беріп, сақтап отырыңыздар.

 

І тапсырма

Берілген категориялардан өздеріңе ұнайтын бір категорияны таңдап, сол бойынша:

Жаңадан кесте құру;

Оның негізінде сұраныс құру;

Сұраныс негізінде пішін құру;

Сұраныс негізінде есеп құру.

 

ІІ тапсырма

Кез – келген бір жазба бойынша сұраныс жасау.

 

 

Категориялар:

 

  1. Компьютерлер
  2. Көкөністер
  3. Кітаптар
  4. Жеңіл автокөліктер
  5. Қалалар
  6. Кеңселік заттар
  7.  Жазғы киімдер

 

Қорытындылау.

Екі бөлім бойынша бағалау. 

Категория: Мои файлы | Добавил: Математик
Просмотров: 643 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0